Андрей Андреевич Колесников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Колесников Андрей Андреевич (23.2.1918 жылы туған, Қырғызстан, Пржевальск қаласы) – кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңшрген өнер қайраткері (1971). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1937 жылдан Алматы кинохроника студиясында (қазіргі “Қазақфильм” киностудиясы) оператор. Ол, негізінен, шежірелік-деректі фильмдер түсірді. Колесниковтың таңдаулы операторлық еңбектері қатарында “Қазақстан миллиарды үшін күрес” (1956), “Мәскеудегі қазақ өнерінің мерекесі” (1962), “Мәскеудегі қазақ өнерінің апталығы” (1964), “Жеңіс күні” (1965), “Армениядағы әдебиет пен өнер онкүндігі” (1967), “Үлкен Қапшағай” (1969), “Медеу”, “Ерлікке толы түн мен күн” (1973), “Мұхтар Әуезов туралы сөз” (1978), “Халықтар достығының мерекесі” (1983) фильмдері бар. Колесников шежірелік-деректі кино саласында оператор-режиссер әрі сценарист ретінде де еңбек етіп, “Үлкен химия” (1963), “Жетісу маржандары” (1968), “Қазақстанның қой шаруашылығы” (1974), “Үндістанмен кездесу” (1978) ленталарын жасады. 1- және 2-дәрежелі “Отан соғысы” орденімен, медальдермен марапатталған. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}