Cингалдар
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сингалдықтар (Үлгі:Lang-si, сингалдар) — ұлт, Шри Ланка Республикасының және оның маңайындағы аралдардың негізгі тұрғындары. Жалпы саны 13 млн. адам (1989). Сингалдықтар антропология жағынан еуропалық нәсілге жатады және Солтүстік үнді халықтарымен туыстас. Сингал тілінде сөйлейді.
Басым көпшілігі будда дінін ұстанады, аз бөлігі христиан (католик) дінін қабылдаған. Сингалдықтар далалық, таулық (кандилік) болып екі топқа бөлінеді. Кандиліктер тұрмысында көне салт ерекшеліктері сақталған. Сингалдықтардың көпшілігі егіншілікпен, балық аулаумен айналысады.
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Cингалдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}